1. «Кәмелетке толмағандар арасында жол-көлік қауіпсіздігі, жасөспірімдермен және оларға қатысты қылмыстың, жыныстық тиіспеушілікке, бопсалау, әлімжеттік көрсету, құқықбұзушылықтың алдын алу» » ОШ №8 п.Гранитогорск
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімі
"№8 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-60-20
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-60-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1. «Кәмелетке толмағандар арасында жол-көлік қауіпсіздігі, жасөспірімдермен және оларға қатысты қылмыстың, жыныстық тиіспеушілікке, бопсалау, әлімжеттік көрсету, құқықбұзушылықтың алдын алу»
11
сентябрь
2025

1. «Кәмелетке толмағандар арасында жол-көлік қауіпсіздігі, жасөспірімдермен және оларға қатысты қылмыстың, жыныстық тиіспеушілікке, бопсалау, әлімжеттік көрсету, құқықбұзушылықтың алдын алу»

№8 жалпы орта білім беретін мектебінде Меркі АПБ басшы құрамы,бөлім басшыларының 8-11 сынып білім алушыларымен өткізілген кездесу

ХАТТАМАСЫ

Гранитогор ауылы  мерзімі: 11.09.2025 жыл.

Қатысқандар: 8-11 сынып білім алушылары

АПБ КПБ бастығы полиция   майоры Абдрашев Т.К.

АПБ-нің КТІЖ учаскелік полиция инспекторы Касимов Б.Д.

Күн тәртібінде

  1. «Кәмелетке толмағандар арасында жол-көлік қауіпсіздігі, жасөспірімдермен және оларға қатысты қылмыстың, жыныстық тиіспеушілікке, бопсалау, әлімжеттік көрсету, құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізу.

Тыңдалды:

Мектеп диреторының құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Б.Мамбеталиев 8-11 сынып оқушыларына жиналысқа қатысушы қонақтарды таныстырды.Білім алушыларға мектептің ішкі тәртібі таныстырылып, түнгі мезгілде ата-ананың қарауынсыз (заңды тұлғаларынсыз) жүрмеу  керектігі айтылды. Оқушылар арасында ақша бопсалау, күш көрсету арқылы әлімжеттік жасау, топтық бұзақылық жасағандар заң алдында жауапқа тартылатындығы ескертілді.     Жиналысқа Меркі АПБ-нің КТІЖ учаскелік полиция инспекторы Касимов Б.Д. кәмелетке жасы толмағандармен және оларға қатысты жасалатын құқықбұзушылықтар мен қылмыстардың алдын-алу бойынша әнгіме жүргізді, кездесу барысында оқушылар арасында ақша бопсалау, күш көрсету арқылы әлімжеттік жасау, топтық бұзақылық жасағандар заң алдында жауапқа тартылатындығы ескертілді. Кездесу барысында   оқушыларға сабақтан себепсіз қалмауын, себепсіз қалған жағдайда ҚР ӘКБТК-нің 127-б 1-бөлігі бойынша жауапкершілікке 10АЕК, яғни 36920тг айыппұл салынатынын айтты.  Жасөспірімдер арасындағы қауіпсіздік ережелері мен кәмелетке жасы толмағандармен және оларға қатысты жасалатын құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың,мектеп оқушыларына кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық тиіспеушіліктің алдын алу,балалар қауіпсіздігіне арналған ережемен таныстырып өтті. 

Қойылған сұрақтарға құқықтық ақпарат толық беріліп,мазмұнды жауаптар алынды.

Шешімі

Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу жұмыстары жандандырылсын.

Мектеп директоры:                                               С.К.Рахаев

Хатшы:                                                               Л.Ж.Парманкулова